2017 жылғы 19 шілде күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағытын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Баспасөз мәжілісі барысында Нұрлан Ермекбаев Ұлт жоспарының 87-қадамы «Менің елім» азаматтық бірегейлікті нығайту жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру және әзірлеу» және 89-қадамы «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын жүзеге асыру және әзірлеу» бағыттарын орындау бойынша баяндады.
«Бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Мемлекет басшысы елдегі азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл жағдайда ағымдағы жылы 4 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының маңызы зор.
Заң жобасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу қарастырылған. Бұл тұрғындардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын қызмет сапасымен қанағаттану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылатын қызмет көрсетулердің сапсына, мазмұнына, шарттарына, бағалау критерийлеріне бірыңғай талаптар, яғни стандарттар енгізу ұсынылды.
Қазақстанда ҮЕҰ-ға арналған гранттар мен сыйлықақылар түріндегі қоғамдық ұйымдарды мемлекеттік қолдау формалары қарастырылған.
2017 жылы гранттық қаржыландыру көлемі шамамен 588 млн. теңгені құрады, 55 жоба іске асырылуда. Жобалардың тақырыптары алуан түрлі: балалар мен жастардың құқықтарын қорғау, патриоттық тәрбие, ҮЕҰ-ның әлеуеті мен олардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне талдау, радикалды идеологиядан зардап шеккен азаматтарды оңалтуға бағытталған іс-шаралар.
2016 жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайтылып, гранттарды үйлестіру тақырыптары кеңейтілді, гранттар сомалары тұрғындармен атаулы жұмыс үшін бөлшектенгенін атап өткен жөн.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақыны беру бойынша байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды бастады. Сыйақылар әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдарға алғаш беріледі.
ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру арқылы ҮЕҰ-ның әлеуметтік саладағы жұмысы туралы есеп беру тәжірибесі кеңейтілді.
«Ұлт жоспары аясында «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға ҮЕҰ-ның өз қызметтері бойынша міндетті есептілігі жөнінде талап енгізілді. Бұл есептілік ҮЕҰ Дерекқорына ұсынылуы тиіс. Бұл норма әлемдік тәжірибені ескереді және түрлі дамыған елдерде қолданылады» - деп атап өтті ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Дерекқорға 3 мыңға жуық қазақстандық және шетелдік ұйымдар тәжірибесі енгізілді. Бұл ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттың қоғам және донорлар үшін ашық және қол жетімді болуын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-қадамын жүзеге асыруға қатысады. «Мәңгілік ел патриоттық актін және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша кешенді тәрбиелік мақсаттағы жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылғы қаңтар айында Министрлік Үкіметте өңірлердегі жастарды дамыту бойынша инфрақұрылымды күшейту мәселесі бойынша бастама көтерді.
Нәтижесінде Премьер-министрдің тапсырмасымен облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері 2017-2020 жылдарға арналған жастарды дамытуды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Қазіргі уақытта министрлік жастар саясаты саласында 5 негізгі басымдықты анықтады, олар: ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастыру және әлеуметтенуіне жағдай жасау; қиын жағдайға тап болған жастарды дамыту және өсуі үшін «әлеуметтік лифті» құру; жас отбасыларын қолдау және бала тәрбиесіне көңіл бөлу; жастармен жұмыс жасайтын кадр аппаратын дамыту және ведомствоаралық жұмысты үйлестіру.