# Ватикан

читать 3 мин.
0 38

Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы Ватикан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық дінаралық форумына қатысты. Форумда адамды жан-жақты дамытуға жәрдемдесу бойынша Ватиканның Дикастерия Префекті, аса мәртебелі Кардинал, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Ватикан елі павильонының комиссары Питер Кодво Аппиа Тарксон және мемлекеттік органдардың басшылары мен діни ұйымдардың көшбасшылары қатысты. Нұрлан Ермекбаев Ватикан елімізге діни татулықты және конфессияаралық келісімді нығайтуда маңызды әріптес және қазақ халқының өмірінде мәдениет пен діни қоғамның дамуында айрықша орынға ие болып отырғандығын атап көрсетті.

Прочитать полностью