2017 жылғы 19 шілде күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағытын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәжілісі өтті. Баспасөз мәжілісі барысында Нұрлан Ермекбаев Ұлт жоспарының 87-қадамы «Менің елім» азаматтық бірегейлікті нығайту жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру және әзірлеу» және 89-қадамы «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын жүзеге асыру және әзірлеу» бағыттарын орындау бойынша баяндады.